Жұмысшы мамандықтар – ұлт дамуының қозғаушы күші

Қоғамда «жұмысшы» сөзі кейде екінші сатыдағы ұғымдай қабылданатыны жасырын емес. Алайда бүгінгі таңда дәл осы жұмысшы мамандық иелері елдің нақты тірегіне айналып отыр. Жол салатын, жарық жүргізетін, үйлер тұрғызатын, ауыл шаруашылығында маңдай терімен еңбек ететін осы жандардың еңбегі – ел экономикасының іргетасы.

2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атау – жай ұран емес. Бұл – қоғам назарын нақты еңбекке, кәсіби дағдыға аударудың сәті. Себебі мемлекеттің тұрақты дамуы үшін тек ақыл-оймен емес, нақты іспен ұштасқан еңбек қажет. 

Қазір техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді. Электрик, механик, дәнекерлеуші, ауыл шаруашылығы техникасын меңгерген маман – заманауи батырлар десек болады. Технология дамыған сайын – осындай мамандық иелерінің де беделі мен маңызы арта түседі. 

Сондықтан жастардың бұл салаларға бет бұруын қолдап, қоғамда жұмысшы мәртебесін арттыру – ортақ міндет. Себебі елді алға сүйрейтін – білім мен еңбек, ал еңбектің елеусізі жоқ.

 

Жазира САҚТАЕВА,

"Ақбота" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Зинеден ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT