Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа жобаны жүзеге асыруда

Қазіргі таңда кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – елдің күн тәртібіндегі басым бағыттарының бірі.

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы жолдауында атап өткендей, пандемия кезеңінде шағын және орта бизнес қиын жағдайға тап болып, қолдауға аса мұқтаж. Осы ретте, бизнеске заңсыз араласу, оның қызметіне кедергі келтіру «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қабылдануы тиіс.

Бұл бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолайлы инвестициялық ахуалды нығайту, кәсіпкерлер тап болатын барлық процестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған «Protecting business and investments» жобасын іске асыруда.

- Бүгінде Агенттік жалпы сомасы 16,3 трлн. теңгенің 656 бизнес-жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейді. Қатаң карантин режиміне қарамастан, былтырғы көрсеткіштер 2019 жылмен салыстырғанда жоғары және жобаның 2018 (бірінші) жылғы көрсеткішіне жақындады.2020 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығымен салыстырғанда жасалған келісімдер саны 40,4%–ға өсті, – деді PBI жобасының жетекшісі Олег Савеленко.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT