Жемқорлықпен күресуде атқарылар жұмыстар ауқымды

«Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту» қоғамдық қорының Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2020 жылғы 13 қазанынан 30 қазанына дейінгі атқарылған жұмыстары жөнінде есебі, жалпы жұмыс жоспары.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Жастардың тұрақты және әлеуметтік даму қоры» «Азаматтық бақылау» жобасы аясында республика көлемінде еліміздің 17 аймағында 2020 жылдың 13 қазанынан 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін қоғамдық қабылдау ұйымдастыруда.

Жобаның мақсаты:

1. Халыққа құқықтық қызмет көрсету үшін, олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсету;

2. Халыққа кез келген жағдайда өзінің құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау, заңға қайшы әрекеттерді жасаудың алдын-алуға үйрету, мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу.

Жобаның жетекшісі: «Жастарды әлеуметтік және тұрақты дамыту» қоғамдық қорының маманы Қамшыбаева Әсел Ерболқызы. Атырау облысы бойынша қоғамдық қабылдауды үйлестіруші менеджер, заңгер: Базарғалиева Балауса Базарғалиқызы.

• Өтініштер жазбаша, ауызша (телефон арқылы) және электронды түрде (Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.) қабылданады. Сұрақтар бойынша 8 778 648 4484, 8 702 488 8540 ұялы телефондары арқылы түсінік беріледі.

Жоба аясындағы Атырау облысы бойынша қоғамдық қабылдау Атырау қаласы, М.Темірханов көшесі 2а/1 (Антикор орталығы) мекен- жайы бойынша, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты бұзылған құқықтарын қорғауға (консультациялар, өтініштер, шағымдар) жүгінуі үшін тегін заңгерлік кеңес беру мақсатында ашылды.

Қабылдау әр аптаның дүйсенбісінен жұмаға дейін сағат 9:00-18:00 ге дейін жүргізілді. Қабылдауға жазылған азаматтарды Атырау облысы бойынша үйлестіруші менеджер, заңгері қабылдайды. 2020 жылдың 13 қазанынан бастап күні бүгінге 6 адамға тегін құқықтық кеңес берілді. Қабылдауға келіп түскен арыз шағымдар, еңбек дауы, тұтынушылардың бұзылған құқықтары, сақтандыру мәселелері, банктермен және коллекторлармен келіспеушіліктер, әлеуметтік жәрдемақы және бизнес саласының сұрақтарына түсінік берілді. Қоғамдық қабылдау қызметкерлері өтініштердің уақытылы қаралуын қадағалайды. Мемлекеттік органдардан ресми немесе толық емес жауап алғаннан кейін, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері жоғары тұрған органға өтінішті сапалы қарауды талап ететін хат жолдайды (өтініш берушінің өтінішін, төменгі мемлекеттік органның жауап хатын қоса) қабылданған шаралар туралы өтініш берушіні одан әрі хабардар етіп отырады. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Жастардың тұрақты және әлеуметтік даму қоры» «Азаматтық бақылау» жобасы аясында 2020 жылдың 26 қазаны күні сағат 14.00 – де Атырау облысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған (тегін) онлайн тренинг өткізілді. Онлайн тренингке қырықтан аса Атырау қаласы мен аудандарынан Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Семинарға тартылған спикерлер Батталова Зауреш Қабылбекқызы (Қазақстандық саясаткер),Қабылдин Айбек Мейрамханұлы (Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу ғылыми-зерттеу орталығының сарапшы-талдаушысы), Мамыт Айдос Жанұзақұлы (Қазақстан республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысы бірінші орынбасарының у.м.а.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері тренингін үш бағыт бойынша өткізді. Атап айтқанда, интерактивті карта, жобалық менеджмент және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы тың мағлұмат беріп, өз біліктіліктерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мен нығайтуда отбасы институтының рөлін күшейту, бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Парасатты отбасы» байқауын өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Қала мен аудандарда ішкі саясат және білім бөлімдерімен бірлесіп байқауға қатысуға өтініштер қабылдануда.

Байқаудың ережесі, қатысу шарттары жасақталып, халық арасында кеңінен насихатталуда. Күні бүгінге байқауға қатысуға 17 қатысушыдан өтініш қабылданып, бейнероликтері тіркелді. Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасының қорытындысы 2020 жылдың 15 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің, «Адалдық алаңы» кеңсесінің ресми әлеуметтік парақшаларында жарияланатын болады. Алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-ұйымдастырушылық бірнеше іс-шараларды өткізу ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, еліміздің 17 аймағында «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелері арасында онлайн-конференцияны үйлестіру, еліміздің 17 облысында «Адал және шексіз еңбек бейнесі» студенттер арасында онлайн сурет байқауын ұйымдастыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күнге арналған еліміздің 17 аймағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өнімділікті ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттер көрмесі өткізу жоспарланып отыр.

Балауса БАЗАРҒАЛИЕВА,

Атырау облысы бойынша қоғамдық

қабылдауды үйлестіруші менеджер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT