Жемқорлықпен күресте үкіметтік емес ұйымдардың үлесі

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда, дамытуда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік озық әлемдік тәжірибе негізінде сыбайлас жемқорлық мәселелерін тиімді шешуге бағытталған адамдардың стандартталмаған тәсілдері, шығармашылығы, бастамасы негізінде әлеуметтік жобалардың нысандары мен модельдерін дамытуға жәрдемдесуді ұсынады.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыру арқылы, қоғам мен билік орындары арасында тығыз қарым-қатынасты орната отырып, аталған өзекті мәселеге тең әлеуметтік тақырыптарда насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Мысалға алатын болсақ, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде тренинг, семинар, фестиваль, акциялар ұйымдастыру арқылы көптеген жақсы жетістіктерге жетуде.

Біз қазіргі таңда Атырау өңірінің қоғамдық-саяси өмірінде сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың жолын кесу және болдырмау бағытында бұқаралық-көпшілік іс шаралар, фестивальдар, қоғамдық жиналыстар, акциялар, сауалнама жүргізу және т.б. шараларды өткізу бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдардың нәтижелі жүзеге асырып келетініне куә болып отырмыз.

Атап айтсақ, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында ресурстық, консалтинг орталық жұмыстарын ұйымдастыруға, кездесулер, тренинг, семинар жұмыстарын жүргізу бағыттары бойынша түрлі біліктілік арттыру курстарынан өткен болатын.

Атырау облыстық және қалалық, аудандық әкімдіктердің қаулыларына сәйкес облыс, қала, аудан әкімі жанындағы тұрғын үй, жер беру жөніндегі комиссиялардың құрамында үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.

Әрине, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы - азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін өте қысқа мерзім. Қазіргі таңда қоғамдық бақылауды күшейтуге әрекет жасалуда, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырылуда, қоғаммен және оның институттарымен өзара іс-қимылдың тиімді нысандары енгізілуде. Қоғамдық ұйымдар мемлекет қызметіне тәуелсіз азаматтық бақылауды жүзеге асыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі күресінің алғышарттарының бірі – бұл бағыттағы қоғамдық ұйымдардың қызметіне бастама жасау, өйткені қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес.

Альфия АДИЕВА,

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT