Қоғамдық жұмысқа кесілді

Аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны А.Молдашева мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Абуталинмен бірлесіп, жұмыс барысын тексеріп қайтты.

Атырау қаласында өткен №2 қалалық сотта жол жүрісінің қағидаларын бұзғаны үшін сотталған С.Б аудандық пробация есебіне алынып, сот шешімімен 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа кесіліп, оны орындау міндеттелген еді.

Пробация инспекторлары есепке алынған күннен бастап, сотталған С-ға қоғамдық жұмыстарға тарту, жазаны өтеу шарттарын жіті түсіндіріп, еш себепсіз жұмыстан бас тартпауды, егер жалтарған жағдайда бұл жаза түрі қамаққа алумен ауыстырылатынын еске салды. Ал орындалмаған қоғамдық жұмыстардың 4 сағаты қамаққа алудың 1 тәулігі есебімен ауыстырылатыны да қаперленді.

Жазасын өтеуші Бақсай ауылдық округі белгілеп берген «М.Сабиров» жеке кәсіпкерлігінде 20 сағаттық қоғамдық жұмысын атқаруда.

Аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны А.Молдашева мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Абуталинмен бірлесіп, жұмыс барысын тексеріп қайтты.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы, әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521