Дәстүрлі емес ислам бағытын әлеуметтік желіде насихаттаған азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.
Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 2-бөлігінде (бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) азамат Р.М-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Іс- құжаттарында, құқық бұзушы Р.М. бұқаралық ақпарат құралдарына жататын «Vk» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған дәстүрлі емес ислам бағытын насихаттаушы идеологтардың бірі Дарын Мубаров тарапынан «Үш негіз» және басқа да бірқатар тақырыптар бойынша насихатталған аудио жазбаларын жүктеген.
Сот отырысында «WhatsApp»-бағдарламасы арқылы байланысқа шыққан Р.М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.
Сотпен Р.М-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 453-бабының 2-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша бұқаралық ақпарат құралының өнiмi интернет-ресурста орналастырылған ақпарат Дарын Мубаров тарапынан «Үш негіз» және басқа да бірқатар тақырыптар бойынша насихатталған аудио жазбалары мемлекет кірісіне тәркілене отырып, 38 892 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз