Жегіқұрттан сақтануға шақырды

Махамбет сотының кеңсе меңгерушісі Гүлшат Сағынова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы таза мемлекетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Оған сот мамандары, мекемеде екі апталық оқу тәжірибесінен өтіп жүрген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 курс студенті А.Жамбылова қатысты.

c

Кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын бүтіндей жаңғырту және оны іске асырудағы рөлін арттыру нәтижесін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдары жайлы баяндады. Әрине, сыбайлас жемқорлық қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады.

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болатындығы жайы да сөз болды. Қатысушылар семинарда өз ойларымен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әдептілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтау қажет екенін айтып, жегіқұрттан сақтануға шақырды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521