«Шартты түрде»- іс-шарасы басталды

Маусым айының 17-сі мен 23-і аралығында қалалық және аудандық пробация қызметтерінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың барлығының тұрғылықты жері, олардың тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында «Шартты түрде» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аталған іс-шараны өткізу барысында Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің және Махамбет ауданы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп,пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандарды мекен-жайлары бойынша кешкі және түнгі уақыт аралығында тексеріс жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Махамбет аудандық пробация қызметі есебінде 45 сотталған есепте тұр. Іс-шара барысында М аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған тұлғалар арасында жазасын өтеуден бас тарту немесе басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда пробация қызметі сот органдарына сотталған тұлғаларға қатысты жазасын өтеудегі сынақ мерзімін ұзарту немесе қоғамнан оқшалауға байланысты емес жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жайлы ұсыныстар жолдайды.

Осы өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмысты болдырмау және олардың алдын алу сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.

Н.Ташекенова,

Махамбет аудандық пробация қызметі

бөлімшесінің бастығы, әділет майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521