Жат құбылысқа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - күні бүгінгі күрделі мәселелердің бірі. Қоғамдағы үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын дүние.

Бұл жағдай дүние жүзі мемлекеттерінің барлығында да бар, соның ішінде өз елімізде де бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі қағидалары - азаматтардың барлығының заң алдында теңдігі. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық реттелуі, бұл қызметтің заңдылығы және жариялылығы, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық бақылаулардың күшейтілуі де сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына жатады.

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2020 – 2021 жылдарға арналған іс-шара жоспары жасақталған. Ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактілерін болдырмау мақсатында арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, тиісті орындарға арыз иелеріне қайтарылып отырады. Округ бойынша «Жер учаскелерін бекіту кезінде ҚР Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және жеке меншікке, берілген жерді заңсыз қайта бөлуге» жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі көрнекі жерге ілінді. Ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу мен насихаттау іс-шаралары белгіленді. Ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-қимылдар жалпы ұлттық жоспарына байланысты мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың атқарушы органдарға тапсырысы халық көп жиналатын орындарға ілініп, мекемелерге таратылды. Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі талаптарының орындалысын толық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу сабақтары мен семинарлар өткізу жоспарланды. Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштері үнемі уақтылы тіркеліп қаралып отырады.Ол жөнінде аудан әкімдігінің жалпы бөлімге есебі беріліп отырады.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері мен біріге отырып ауылдық округ мамандары сыбайлас жемқорлық жөнінде барлық ауылдық мекемелер басшыларының бастарын қосып, дөңгелек үстел өткізілді. Ауылдық кітапханада «Жемқорлық жегіқұрт», «Адамды бұзатын жемқорлық» деген тақырыптарда бұрыш ұйымдастырылды. Мұнда аталған тақырыпқа қатысты материалдар жинақталған. Округ көлемінде сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және алдын –алу мақсатымен өткен жылы төрт жерде бильборд орнатылды. Ол жұмыс биыл да жалғасуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мәдениет қызметкерлері былтыр 120 адамға сауалнама таратып, ұсыныс-пікірлер жинақтады.

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің сегізінші сынып оқушылары өткен қараша айында «Парақорсыз болашақ» тақырыбындағы байқауға қатысып, облыста бірінші орынды иеленді. Мұндай іс-шаралар қашанда өз нәтижесін беретіні анық. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында округке қарасты мекемелер есепшілері мен басшыларына мемлекеттік сатып алу мен сатуды ұйымдастырып, жүргізудегі заңдылықтарды қатаң сақтау туралы түсініктер беріліп тұрады.

Жалпы қоғам үшін дерт болып саналатын бұл жат құбылысты болдырмау жолындағы жұмыстарымыз алға қарайда күн тәртібінен түспейтін, тұрақты назарда болатын іс дегім келеді.

Д.Құрманғалиев,

Бақсай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521