Заңсыз балық аулағаны үшін 37 114 теңге айыппұл салынды

Махамбет ауданының тұрғынына заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

Ол биылғы наурыз айында Жайық өзенінің сол жақ жағалауынан, ұзындығы 5 метр, тор көзі 30х30 мм болатын тыйым салынған, түсі ақ 1-дана ау тор жарағымен балық аулаған. Ұсталған мезгілде балығы және көлігі болмаған. Яғни баулық аулау ережесін өрескел бұзған.

Сот отырысында «WhatsApp» - бағдарламасы арқылы байланысқа шыққан М.А. өз түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 383-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 37 114 теңге айыппұл тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT