Жастарға жаңа мүмкіндік

Ел ертеңі, қандай қоғамның да қозғаушы күші жастар. Жастар елімізде халықтың жартысынан астамын құрайды. Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылында кәсіби білім беру жүйесі жаңғырып, жастарға қолдау күшейтіледі.

Қазір экономикада білікті жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары. Жұмысшы мамандарға гранттар, көтерме ақы және жеңілдетілген несие қарастырылмақ. Дуалды оқыту жүйесі арқылы студенттер өндірісте тәжірибе жинайды. Бұл бастама жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың қоғамдағы рөлін көтеруге бағытталған. Қоғамда жұмысшы мамандықтарының абыройын арттыру – еліміздің өркендеуі мен тұрақты дамуының кепілі. Әрбір жас өз мамандығын дұрыс таңдап, ел дамуына үлес қосса – болашағымыз жарқын болмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT