Еңбек адамының беделін арттырар жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  2025  жылды  Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Адам еңбегімен қадірлі, сыйлы. Жұмысшы – ел дамуының тірегі.

Кез келген мемлекет үшін өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салаларының орны ерекше. Ал, осы салалардың барлығының қозғаушы күші – жұмысшылар. Күнделікті өмірімізді  электрик, механизатор, құрылысшы, дәнекерлеуші, аспаз, жүргізуші, тігінші сынды кәсіп иелерінсіз  көзге елестету мүмкін емес. Сондықтан, биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – елдің экономикалық дамуына серпін беріп, еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Қанат Ғұмаров,

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT