Жастар – қоғамның қозғаушы күші

2018 жыл ауданның жастары үшін өте сәтті жыл болды деп есептеймiн.

Ауданның белсенді жастарының басын біріктірген «Жастар Отанға» лагері, «Білім ринг» ойыны, «Спикер номер семь» секілді ірі шаралар өткізілді. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Енді кез келген жас өз идеяларымен, бастамаларын ұсынуға болады. Оған қоса ауданның жастары арасында жыл үздіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жыл үздігі» марапаты жастардың одан әрі дамуына, сапалы жұмыс жасауына жігерлендіре түсетіні сөзсіз. Өйткені, қоғам дамуының қозғаушы күші жастар.

Сол себепті Елбасымыз келер 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл жолдау көптеген жастарға қолдау болатыны ақиқат. Келер жылда жастар арасындағы жұмыссыздық, тұрғын үй мәселелері назардан тыс қалмай, жастардың белсендiлiгi артады деген ойдамын. Сондықтан барша аудан жастарын бірлесіп, жұмыс жасауға шақырамын!

Наргиз ГИНАЯТОВА,

Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521