Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауында «Жасанды интеллект дәуірі» басталғанын айта отырып, елімізді жаңа технологиялық өрлеуге жетелейтін бағыттар нақты көрсетілді. Бұл – Қазақстанның болашағына жасалған батыл қадам.
Ауданымыз үшін де бұл үндеу – келешек дамудың айқын бағдары. Жасанды интеллект тек ірі мегаполистерде емес, ауыл-аймақтағы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Білім саласында оқушылардың қабілетіне қарай білім беруді даралау, ауыл мұғалімдерінің жүктемесін жеңілдету мүмкіндігі туады.
Медицинада қашықтан кеңес беру мен ерте диагностика ауыл тұрғындары үшін қолжетімді бола бастайды.
Ауыл шаруашылығында егін және мал шаруашылығын цифрландыру өнімділікті арттырып, еңбек күшін үнемдеуге жол ашады.
Әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы бюрократиялық кедергілер азайып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсарады.
Жастар үшін жаңа кәсіптер мен ІТ мамандықтарына жол ашылып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік молаяды.
Сонымен қатар Жолдауда инфрақұрылым, жол, ауыз су, тұрғын үй, экология, денсаулық сақтау сынды елдімекендер үшін аса маңызды мәселелер де кеңінен қамтылды. Бұл бастамалар аудан халқына тікелей қатысты.
Жасанды интеллект дәуіріне қадам басқан тұста біз де заман ағымына бейімделіп, білім мен еңбекті ұштастыра отырып, жаңа мүмкіндіктерді игеруіміз қажет. Президент Жолдауы – осы жолдағы нақты бағдарымыз.
Н.Бағытжанов,
Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының іс-шара үйлестіруші маманы