Жолдауда ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы алшақтап бара жатырғаны айтылған. Оның басты себебі, ауыл мектептерінде білікті мұғалім мамандары жетіспейтіндіктен деп ойлаймын.
Сондықтан «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық жердегі мектептерге келетін жас мамандарға нақты қолдау көрсетілуі қажет. Оларға бұрынғыдай тәжірибелі ұстаздардан тәлімгер бекітіп беріп, жолға салып, бағыттап, содан соң талап қою керек. Әрине, жалған диплом сатып алғандармен әңгіме басқа. Ондай жоғары оқу орындарын жабу туралы тапсырма берді.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы одан әрі жалғасатыны көңілге қуаныш ұялатады. Кім ауылының жақсы болғанын қаламайды. Біздің ауданымыз басқалармен салыстырғанда сәулеті мен инфрақұрылымдары жағынан көш ілгері. Бірақ кейбір келеңсіздіктерді көріп қарның ашады. Мәселен жастар саябағы көз алдымызда құрып бара жатыр. Дене шынықтыруға арналған спорттық құрал-жабдықтар сынған, қираған, жарамсыз. Саябақта арам шөп қаулап өсіп кеткен. Ал, бұған кім жауап береді деп сұрастырып көрсек, тендерден ұтып алған адам тазалықпен, саябақтың күтімімен айналысатын көрінеді. Бұған бей-жәй қарауға болмайды.
Т.Сариева,
«Алтын балық» бөбекжайының меңгерушісі
Сурет:дереккөз