Жасыратыны жоқ, Президент сайлауына дайындық кезінде кандидаттар жөнінде пікір екіге жарылды. Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдағандар да, оған күдікпен қарағандар да болды.
Қазір енді аз уақыттағы атқарған жұмысын саралағаннан кейін, Жолдаудан кейін күдік сейілді. Халықтың сайлауда қателеспегендеріне көздері жетіп отыр. Жолдаудағы «Бақытты отбасы» бағдарламасының мүмкіндіктері ұнады. Өйткені, әрбір отбасы бақытты болуға лайықты. Сондықтан баспанаға кезекке қойғанда, пәтер бергенде ашықтық, жариялылық сақталуы тиіс. Әйтпесе, тамыр-таныстықпен үй алып, оны жалдап қойып отырғандар да жоқ емес. Ал, біреулер шиеттей балаларымен уақытша болса да бас сұғатын баспана таба алмай дал болуда.
Балаларға ағылшын тілін бесінші сыныптан бастап оқыту керек деген пікірі де ұнады. Өйткені білім негізі бастауышта қаланады. Бала ана тілімен сусындауы керек. Содан кейін де басқа тілді оқып үйренеді. Жолдауда рухани жаңғыру одан әрі жалғасатыны айтылған Қазақ мемлекеттігін қалыптастырудың басында тұрған тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату, тағылымды-тәрбиелік жағына көңіл бөліп, мерейтойларды өз дәрежесінде өткізу туралы ұсыныстары көңілге қонымды.
Ж.Мұғауова,
аудандық аналар кеңесінің төрайымы
Сурет:дереккөз