Енді елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК төлеудің жаңа тәсілдемелері жұмыс істейтін болды.
Бұл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының орташа табысы жан басына шаққандағы облыста белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамдарға, не отбасына шартты, шартсыз ақшалай көмек түрінде берілетіні анықталып отыр.
АӘК-тің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ол үшін отбасылар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұратын аналарымыз ауылдық округ әкіміне жүгіне алатын болып шықты.
Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру міндетті емес. АӘК өтініш берген айдан бастап тағайындалатын болды. Өтініш беру және сәйкестендіру үшін аналар тек жеке куәлік ұсынса, жетіп жатыр.
Э.Саликова,
көпбалалы ана, Есбол орта мектебінің психологі
Сурет:дереккөз