Махамбет аудандық сотында қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Сот арызды қабылдағаннан кейін 5 күн ішінде тараптардан бітімгершілік келісімге келу туралы өтініш хат түсті. Татуластыру рәсімдерінің нәтижелері бойынша бітімге келу туралы келісім жасалды. Оның шарттарына сәйкес, жауапкер М. берешегін мойындап, «Бюро по работе с должниками» ЖШС-не 2 ай ішінде 129 205 теңге төлеуге міндеттенеді.
Берешекті бірінші, екінші айда 64 603 теңгеден, жауапкер М-мен әр бір айдың 25-не дейін қазан айынан бастап төлеуге міндеттенеді. Егер 10 күнге кешіктірген жағдайда «Бюро по работе с должниками» ЖШС-і орындалмаған татуласу келісімі бойынша сотқа атқару парағының негізінде мәжбүрлі орындатуға құқылы.
Тараптарға ҚР АПК-нің 278-бабына сәйкес іс жүргізуді тоқтатудың салдары, 178,180 баптарының ерікті түрде сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындалуға жататыны туралы талаптары түсіндірілді. Соттың ұйғарымымен тараптардың арасындағы бітімгершілік келісімі бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілішіміз
Сурет:дереккөз