Жаңа Кодесктің жаңалығы неде?

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдары 2021 жылы 1 шілдеде өз күшін жойып, орнына 2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» қабылданып, осы Кодекс ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.

Аталған Кодекс мемлекет пен азамат (ұйым) арасындағы жарияқұқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу бойынша әкімшілік рәсімдерге және арнайы сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Кодекс әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу деп аталатын екі бөліктен тұрады. Ол мынадай қағидаттарға негізделген:

1 . Құқықтардың басымдық қағидаты - Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың барлық күдіктері, қайшылықтары мен түсініксіздігі әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі;

2 . Ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу-әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуға, шектеуге, тоқтатуға, сондай-ақ заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында оған міндет жүктеуге тыйым салынады;

3.Қорғау құқығын сенім-әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметі заңмен қорғалады;

4 . Соттың белсенді рөлі - сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктеме, мәлімдеме және өтінішхаттары, олар ұсынған дәлелдермен, әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жанжақты, толық және объективті зерттейді. Әкімшілік процеске қатысушылардың өз бастамасы немесе уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды.

Әкімшілік істің нақты және заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сонымен қатар Кодекстің 9 бабының 2 -ші  тармағында көрсетілгендей, прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы. Одан бөлек Кодекстің 31 бабының 1-ші және 2-ші тармағында айтылғандай, әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да жүзеге асырады.

Прокурор өзіне заңда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында салықтық, кедендік, бюджеттік қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану және молайту саласындағы қатынастардан туындайтын әкімшілік істер бойынша мемлекеттен және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау туралы әкімшілік істер бойынша қорытынды беру үшін сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғайды.

Сондай-ақ әкімшілік акт, әкімшілік әрекет физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға орай құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін өзі дербес қорғауды жүзеге асыра алмайтын адамдардың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуі мүмкін болғанда не прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда процеске кіріседі.

Сол себептен жаңадан қабылданған Кодекстің қоғамға әкелер пайдасы, мемлекетіміздің заңдылықты нығайту бағытында сондай-ақ азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауында ерекше орын алатындығы сөзсіз.

Н.ЕШМАНОВ,

аудан прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT