Атырауда тұрғындар арасында көпшілік шаралар тыйылмай тұр

Бұл туралы Атырау облысының Бас санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Маусым айының өзінде мониторингтік топтың зерделеу жұмыстары нәтижесінде 70-тен астам отбасылық салтанатты шара анықталған.

- Анықталған 74 факт бойынша, қазіргі уақытқа дейін 50 адамға айыппұл салынды. Бірақ бұл көрсеткіш бұдан да көп екенін ескеруіміз керек. Өйткені мониторингтік топ анықтамаған қаншама той-садақалар өтті.

Мәдениет Танауовтың айтуынша, қазір облыстағы ахуал өте нашар. Сол себепті де, тұрғындардың жауапкершілігі мен өз өмірі мен жақындарының денсаулығына немқұрайлы қарамауы бұл індеттен құтылуға зор септігін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT