«Жаңа адамдар» бастамасы

«Respublica» партиясы ресми түрде штабын ашып, үгіт-насихат жұмыстарын бастады.  Осылайша, барлық өңірде республикалық және аймақтық штабтың өкілдері қызу жұмысқа кірісіп кетті. «Respublica» басшылары мен Мәжіліс депутаттығына кандидаттар және басқа да партия мүшелері қатысқан алқалы жиын өтті.

Жиынға барлық аймақтық штабтардың басшылары мен қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қосылды. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Көптен күткен сәт те келіп жетті. Сайлаудың үгіт-насихат науқаны басталды. Енді біз барлық күшімізді жұмылдырып, сапалы жұмыс істейміз. Барлығыңыздың қаншалықты ұзақ және ауыр жұмыс істегендеріңізді білемін. Қателіктер де болды, жеңістеріміз де аз емес. Ең бастысы, біз партия­ны құрған күннен бастап, осы маңызды кезеңге абыроймен жеттік. Бүгіннен бастап республикалық, облыстық штабтардың есігі әр азаматқа айқара ашық. Біз халықты өзімізге дауыс беруге шақыра бастадық. Бүгіннен бастап ресми сайтымызда жарияланған сайлауалды бағдарламамызбен танысып, нені жақтайтынымызды, қандай идеяларды насихаттап, қоғамдық талқылауға қандай бастаманы шығарғымыз келетінін біле аласыздар, – деді партия лидері.

Жиыннан соң партия лидері Айдарбек Қожана­заров, тең төраға Сырымбек Тау және басқа да жетек­ші­лер алғашқы үгіт-насихат плакаттарын ілу үшін еліміздің әр қаласындағы көшелерге шық­ты. Осылайша, үгіт-насихат тобы елі­міздің ба­р­лық аймағында іске қосылды. Қыз­мет­керлер мен ерік­­тілер баннерлер іліп, плакаттар жапсырып, азамат­тарға үгіт парақшаларын таратуды бастап кетті. «Respublica» – мемлекет қызметінің түрлі салаларын қалпына келтіруге ұмтылатын белсенді азаматтарды біріктірген партия екенін мәлімдеген болатын. Оған кәсіпкерлер мен қоғам қайрат­керлері тартылған.

«Басты мақсатымыз – әрбір азамат сая­си, әлеуметтік және эко­но­ми­калық өзгерістерге өзінің атсалысып жа­тқанын сезінуі үшін ел сая­сатына ықпал ету тетік­­терін жасау. Ұранымыз – «Жаңа адамдар – Жаңа қадамдар» дейді партия өкілдері.

Партия­ның құрылғаны туралы 2022 жылдың тамызын­да жария­ланған болатын. 2023 жылдың 18 қаң­тарында «Respublica» партия­сы тіркеу құжаттарын қабыл­дады.

 Atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT