Назарда – жұмысшы мүддесі

Өскемен қаласында Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті. Кандидат ұжымды партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сала маман­дарының сұрақтарына жауап берді.

«Ел үшін» Жер үшін! Билік – Халыққа!» атты партияның сайлауалды бағ­дарламасында тау-кен металлургиялық кешеніне қатысты бір­қатар өзекті мәселе қамтылған. Атап айтсақ, қарапайым жұмысшылардың құқын қорғау мақсатында Кәсіподақтар туралы жаңа заң әзірлеу, технологиялардың дамуына байланысты жұмыстан қысқартылған адамдарды қолдау, зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін жандардың зейнет жасын төмендету мәселе­лері бар. Бүгінде ел экономикасындағы Қазақ­станның тау-кен металлургия кешені ІЖӨ-нің шамамен 10 пайызын, өнеркәсіптік өндірістің және барлық экспорттың шамамен 25 пайызын құрайды. Салада 200 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Қызметкерлердің 90 пайызға жуығы кәсіподақтардан тұрады.

– Халық партиясы – жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексін қалыптастыру керек. Біз күшті және тәуелсіз кәсіподақтар үшін жұмыс істейміз. Біз кеншілердің, металлургтердің, зиянды және қауіпті өндірістердің барлық қызметкерінің құқықтарын қорғап, олардың 50 және 55 жаста зейнетке шығуын қолдаймыз. Біз ынтымақты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыру керек деп есептейміз, – деді Александр Милютин.

Кездесу барысында спикер партияның басты мақсаты – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әлеуметтік әділетті қоғам құру екенін айрықша атап өтті. Кандидаттың айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бергі пайызға барлық, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттың талаптарын қайта қарап, кедейлікке қарсы заң қабылдау керек.

«Біз осылай ғана халықтық Үкімет құрып, әлеуметтік әділеттілік орната аламыз», деді А.Милютин.

Atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521