Кеше Атырау облысында балықшылар Жайық өзенінен ұзындығы 2 метрден асатын бекіре тұқымдас балықтарды аулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жексенбіде Төменгі Пешной балық аулау учаскесінде бекіре тұқымдас бағалы балықтың 4 данасы ауланды. Оның үшеуі орыс бекіресі түріне жатады. Бір бекіренің ұзындығы –2 метр 20 см. Салмағы –248 кг. Ал, өзге үшеуінің ұзындығы 80 см мен 1 метр аралығында», - деп хабарлады Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының табиғи ресурстарды қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы атқарушы Олег Тушканов.
Оның мәлім етуінше, бағалы балықтар бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды.