Ішімдік сату талаптарын бұзған кәсіпкерге 74 228 теңге айыппұл салынды

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заң талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жеке кәсіпкер А. 2020 жылдың 24 қаңтары күні Махамбет ауданында орналасқан өзінің иелігіндегі азық-түлік дүкенінде тұрып, азамат Б-ға бір дана 40% -тік 0,7 литр «Айдабульская-Хрустальная» арағын сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.

Сот отырысында А. өз кінәсін мойындап, іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтып, жеңіл жаза қолдануды сұрап көрсеткен.

Сот қаулысымен А-ға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде оған алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысуға мемлекеттік лицензияның қолданысын 10 күнге тоқтата тұрып, 74 228 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521