Жайықтың суын үнемдеу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Біріккен Ұлттар Ұйымының су тапшылығына байланысты болжамына тоқталған-ды. Алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. 

Атырау облысын, оның ішінде Махамбет ауданын сумен қамтып отырған  Жайық өзенінің суы ауыз су, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жеткенімен, экономиканың басқа салаларына, әсіресе ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы және өнеркәсіп мақсаттары үшін аздық етеді. Соңғы жылдары өзен суының азаюына алаңдаушылық бар екені рас. Бұл – мемлекеттік тұрғыда назар аударылып тұрған өткір тақырыптардың бірі. Қазақстан  бойынша  суға  деген  сұраныстың  жылдам  өсуі  және судың  орнықты  қорларының  азаюы  нәтижесінде  2030 жылға  қарай  14 млрд. м3,  ал, 2050 жылға  қарай 20 млрд. мсу тапшылығы күтілуде.

Кез-келген аймақтың өркендеуі сусыз мүмкін емес. Сондықтан су үнемдеу тұрғысынан ерекше, мұқият назар аударуды, басқарудың ең озық технологияларын енгізуді, есепке алуды және су ресурстарын қорғауды қажет етеді. Сонымен қатар, бүкіл әлемдегі тұщы судың көлемі тұрақты құндылық болып табылады және оған деген сұраныс жыл сайын халық пен экономиканың өсуіне байланысты өседі. Сондықтан кез-келген мемлекет бұл мәселемен әрдайым айналысуы керек, сонымен қатар, болашақта дамуға су жеткілікті болу үшін қазіргі заманғы технологиялар туралы білімі бар және экономикалық және экологиялық тепе-теңдікті,  сақтау шартымен осы шарттарды негізге ала отырып, су мәселесінің шешімін көруге қабілетті жан-жақты дайындалған кадрлар қажет

Президент халыққа Жолдауында «Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс. Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз»,- деді. Каналдардың қайта жаңғыртылуы қажет-ақ. Өйткені каналдардың әбден ескіргенінің кесірінен судың 40 пайызына дейін босқа ағып кетеді екен.

«Қазсушар» РМК Атырау филиалының Төменгі Жайық өндірістік учаскесінің басшысы Бейбіт Бисалиевтың айтуынша қазіргі таңда  Махамбет ауданы бойынша 9 канал жұмыс жасап тұр. Оның төртеуі Махамбет ауданы арқылы өтіп, Исатай ауданы және Атырау қаласы маңындағы егістік, лимандық, мал жайылымдық жерлерді сумен қамтиды. «Құрсай», «Алға-Егіз», «Сары-Өзек»,  «7 ауыл-Айсары», «Тереңөзек» каналдары жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта «Бақсай» және «Есбол Қазыбай» каналдары жөндеуден өтуде.  

-Шаруашылықтарды сумен қамтуда кедергілер жоқ. Егістік, лимандық, жерлерге су тұтынушы шаруашылықтарға нақты берілген судың төлем ақысының 85%-ы субсидияланады,15%-ын су тұтынушы шаруашылықтар төлейді. Жолдауда атап көрсетілгендей су тапшылығы алдағы уақытта қатты сезілетіні белгілі болып отыр. Соған орай аудан бойынша барлық тоғандарды (Жайықтың ескі арналарын) есепке алып, су сақтайтын қойма жасау жұмысын жүргізген жөн. Көктемгі су тасқыны кезінде құзырлы органдардан рұқсат алып, механикалық жолмен тоғандарды (Жайықтың ескі арналарын) суға толтырсақ аз да болса су тапшылығын болдырмауға көмегіміз тиер еді,- дейді Б.Бисалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT