Әскерге қызығушылық артып келеді

Бүгінде елімізде, оның ішінде Махамбет ауданында әскерге шақырылушылардың саны жыл санап артып келеді. Олардың денсаулықтары мен білім деңгейлеріне қойылатын талап та күшейді. Сондай-ақ қазір әскерге алынатын азаматтардың моральдық-психологиялық ахуалына да барынша мән беріледі.

Өткен жылы ауданнан 75-ке жуық әскерге шақырылушы іріктеуден өтіп,  көктем және күз айларында әскер қатарына алынды. Қазіргі таңда ауданда мыңға жуық адам тіркеуде тұр.

-Біз әскерге алдымен денсаулығы мықты, жоғары білімі бар, өздері ниет білдірген 18-27 жас аралығындағы  жастарды жібереміз. Олардың барлығы  психологиялық тесттен, арнайы тексерістен өтеді. Заңға сәйкес бүгінгі таңда соттылығы бар, денсаулығында ақауы бар азаматтар әскер қатарына алынбайды.

Қазіргі таңда әскер қатарына алынған азаматтар Ұлттық  ұланның, Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бөлімдеріне жіберіледі. Осылардың ішінде шекара қызметіне жіберілетін сарбаздар ерекше іріктеуден өтеді. Олардың арасында ең мықты, нағыз патриоттар ғана әскерге алынады,- дейді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары, майор Ерболат Бодыбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT