Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Б. 2019 жылдың 1 қазан күні Махамбет ауылы, Абай көшесінде орналасқан «Евроспорт» букмекерлік кеңсесінде жәбірленуші А-мен өзара келіспей, оған қол жұмсап, шашынан тартып, тән ауруына ұшыратқан. Бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған, оған күш қолдану әрекеттерін жасаған.
Сот отырысында Б. кінәсін мойындап, енді ондай жағдай қайталанбайтынын айтып, жәбірленушіден шынайы түрде кешірім сұраған. Сот отырысында жәбірленуші А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген уәждерді қолдап, Б-ға кешірім беретінін, істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік іс осы Кодекстің 64 бабына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
К.Сапарқызы
Сурет: дереккөз