Жүргізуші куәліктері бойынша қызмет қайта жанданды

Жүргізуші куәліктері бойынша клиенттерді қабылдау қайта жүргізіле бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлайды.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты 13 қазанда мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәліктерін беру бойынша клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта барлық ақау жойылып, автоХҚО клиенттерді қайта қабылдап жатыр», делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT