Зейнетақыны қалай жоспарлайды?

«Нұр-Отан» партиясының аудандық филиалында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары салымшылармен кездесу өткізіп, зейнетақыны жоспарлау тақырыбында кеңестерін ұсынды.

Шараға мемлекеттік/ мемлекеттік емес органдардың тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ мамандары келушілерге мобильді қосымшаның мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Мысалы, зейнетақы калькуляторы. Сол арқылы болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін есептей аласыз. Зейнетақы калькуляторы келушілер арасында ерекше сұранысқа ие болды. Көп адам қосымшаны осы шара барысында телефондарына жүктеп алып жатты. Бұдан басқа, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарына да қызығушылық танытты. Бұл жарналар болашақ зейнетақының көлемін арттыруға едәуір септігін тигізеді.

Қор мамандары «Жинақтар құнсызданып кетуі мүмкін» деген қауесеттерді жоққа шығарды. Жинақтаушы жүйеде мұндай жағдай орын алуы мүмкін емес. Өйткені мұнда әрбір салымшының атына жеке зейнетақы шоты ашылады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түсіп отырады. Мұны Қор сайтының жеке кабинеті арқылы көз жеткізуге болады. Жинақ ақша әрбір салымшының меншігі. Оның үстіне біздің елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей модель жұмыс істейді. Соған сәйкес мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың міндетті түрлерінің нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

«Ашық есік» күні соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасын толтыру ұсынылды. Сауалнамда келтірілген пікірлер мен ұсыныстардың барлығы жақын уақытта ескерілетіні айтылды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521