Қазіргі таңда мерейлі мерекеге орай Атырау облысында іс-шаралар өтуде. Атырау облыстық мәслихаты практикалық конференция мен салтанатты жиын өткізуге ниетті. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин мәлімдеді.
- Жыл басынан бері облыстық мәслихатта 40-тан астам сессиясында 112 мәселе қарастырылды. Бұл мәслихаттың өңірлік мәселелерге баса назар аударып жатқандығын көрсетеді, - деді Өмірзақ Зинуллин.
Сонымен қатар, мәслихаттар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысады.
Солардың бірі – аудандық депутаттар. Олар өз тараптарынан демеушілік жасау барысында жыл сайын көптеген мәселелердің шешімін тауып жүр.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨКҚ