Заңды маңызы бар факті анықталды

Махамбет аудандық сотымен арызданушы С-ның заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Арыз беруші С. 1991 жылдан 1994 жылға дейін Атырау облысы Махамбет аудандық сүт зауытында директор болып жұмыс жасағандығы еңбек кітапшасында көрсетілгенін, алайда, Махамбет аудандық мемлекеттік мұрағаттар және құжаттама басқармасының 26 тамыз 2019 жылға мұрағаттық анықтамасында 1991 жылдың 3 қазанындағы №80 санды бұйрығымен Махамбет сүт зауытының директоры болып тағайындалған бұйрығының бар екенін, ал 1994 жылдың 11 сәуірінде жұмыстан шыққандығы туралы бұйрықтың сақталмағандығын айтып, бұл фактіні анықтау өзіне зейнеткерлікке шығуына байланысты қажет екендігін көрсеткен.

Соттың шешімімен арыз беруші С-ның арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT