Маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберді

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Махамбет аудандық сотында арызданушы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының науқас А-ны маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Науқас А. іс құжаттарында 2018 жылдан бастап диспансер есепте тұрғанын, ішімдік ішу әрекеттері тиылмағандығын, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, соңғыға 15.08.2019 жылы сот-наркологиялық сараптама жүргізілгенін, «алкоголь тұтыну нәтижесінде тәртібі мен мінез-құлқы бұзылуының туындауы, тәуелділік синдромы» деген қорытынды беріліп, 6 ай мерзімге емдеу қажеттігі ұсынылғанын көрсетіп, А-ны 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық мекемеге еріксіз емдеуге жіберуді сұраған.

Сот отырысында арыз берушінің өкілі Б. бұл істі қолдап, арызда көрсетілген уәжді келтіріп, оны қанағаттандыруды сұраған. Сот отырысында науқас А. арызбен келіспейтіндігін, өзі еркімен емделетінін атап көрсеткен. Мүдделі тұлға Г. сот отырысында арызды қолдап, оның арақты үнемі ішетінін, өздігінен арақты қоя алмайтынын, сондықтан арызды қанағаттандыруды сұраған.

Сот отырысында учаскелік инспектор А-ны ауылдың тұрғыны ретінде танитындығын, ол бақылауда тұрғанын, себебі, үнемі арақ ішіп, спирт ішімдігін тұрақты пайдаланатын адам екенін, ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, арызды қанағаттандыруды сұраған. Сот шешімімен арызданушы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының науқас А -ны арнаулы профилактикалық емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге 6 ай мерзімге жіберу туралы арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521