Заңнамалық өзгерістің әсері қандай?

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер өз нәтижесін беруде. Жаңа талаптар мен оңтайландырылған рәсімдер мемлекеттік қаражатты тиімді игеруге, сондай-ақ өңірлік экономиканы дамытуға нақты ықпал етіп отыр.

Атап айтқанда, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Махамбет ауданында мемлекеттік сатып алулардың көлемі мен саны бірнеше есе артқан.
Өткен жылдың алғашқы алты айында ауданда 44 сатып алу рәсімі өткізіліп, олардың жалпы сомасы 111,7 млн теңгені құраған. Ал биыл осы кезеңде рәсімдер саны 157-ге жетіп, жалпы сома 1,1 млрд теңгеден асқан.

Мұндай өсім – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа заңнамалық өзгерістердің тікелей әсері. Жаңа заң мемлекеттік сатып алу процесін жеңілдетіп, өтінімдерді қабылдау мен қарау мерзімдерін қысқартуға, процестің ашықтығын арттыруға бағытталған. Мемлекеттік сатып алулар енді ашық әрі жылдам өткізіледі, шағын және орта бизнестің қатысуына мүмкіндік береді, бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Реформа ауылдық округтерді де қамтып отыр. Заңнамалық жеңілдіктердің арқасында ауыл әкімдіктері өз қажеттіліктерін уақытылы өтеуге мүмкіндік алып, жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Талғат МАҚСҰТОВ,

Атырау облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT