Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті - халықтың сеніміне ие болу

Судьялардың жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы - үлкен міндет.

Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау бағытына тоқталған Мемлекет басшысы, «Сот - заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы - бұл үлкен міндет», - деп атап өтті. Осы орайда Президент судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату қажет екендігіне ерекше тоқталды. «Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті - халықтың сеніміне ие болу», - деді Қ. Тоқаев.

Сурет: Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521