Мемлекеттік басқаруға білімді азаматтар ғана келуі тиіс

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесіне кадрларды іріктеу ұстанымдары жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамның саяси өзгеруі жалғаса береді. Саяси қондырмалар терең экономикалық өзгерістерге негізделуі тиіс. Әйтпесе, реформалар тұралап қалуы мүмкін», - деді Президент. Оның айтуынша, мұны әлемдік тәжірибеден анық байқауға болады. «Мемлекеттік басқару жүйесіне тек қана лайықты, білімді азаматтар әділ бәсеке негізінде келуі тиіс. Кадрларды іріктеудің өзге ұстанымы болмауы тиіс. Жалпы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру міндеті тұр», - деді Қ. Тоқаев. Сонымен бірге, Президент азаматтық қоғамды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521