ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білім саласындағы үрдістерге айрықша тоқталған-ды.
Кезінде Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет» дегендей, Жолдауда осы ұстаздық қызмет туралы айтқаны көкейге қонымды болды.
Мемлекет басшысы Жолдауда білім саласы қызметкерлерінің жағдайын жақсартып, мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттыру туралы айтқан. Мұны Президенттің ұстаздарға деген қамқорлығы деп білеміз. Сондықтан Мемлекет басшысы сенімін ақтап, бар күш-жігерімізді ұлтымызға, елімізге қызмет етуге арнауымыз керек.
Еңбекшіл негізгі мектебінің ұжымы да тікелей эфирден Президент Жолдауын тыңдап, оны қызу талқылаған болатынбыз. Талқылау барысында Президент Жолдауы ұжым мүшелері тарапынан оң қолдау тапты.
Л.Есенғазы,
Еңбекшіл негізгі мектебінің
математика пәні мұғалімі
Сурет:дереккөз