Елімізде теміржол билеттері қымбаттады

Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады.Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты негізінде, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқасының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:

 085/086 «Нұр-Сұлтан -Сарыағаш»

№ 021/022«Қызылорда-Семей»

№ 313/314 «Атырау-Маңғыстау»

№ 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»

№ 373/374 «Алматы-Жезқазған»

№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау»

№ 603/604 «Нұр-Сұлтан -Арқалық»

№ 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»

№ 021/022 «Алматы-Семей»

№ 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»

№ 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда».

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521