Ұрылар сойып алған қызыл ала сиырдың иесі іздестірілуде

2019 жылдың желтоқсан айында Индер және Махамбет аудандары аумағында ірі қара сиыр малдарын ұрлап, сойып алған күдікті тұлғалар ұсталды.Қазір олардың үстінен тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Махамбет ауданы полиция бөлімі хабарлады.

Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Д. Рахметовтің мәлімдеуінше, тергеп-тексеру барысында күдіктілердің көрсетуі бойынша, Алмалы және Талдыкөл ауылдарының ортасынан, Атырау-Орал тас жолының шығыс жақ бетінде қызыл-ақ ала түсті, мүйізі қызылға боялған сиыр малының басы, сүйегінің қаңқасы мен терісі табылған. Сырғасы жоқ.

Қазіргі кезде сиыр малдарын ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істердің арасында, жоғарыда көрсетіліп отырған сиыр малына қатысты іс қозғалмаған. Сиырдың иесі осы уақытқа дейін бөлімге арызданбаған.

Махамбет аудандық полиция бөлімі аталған сиыр малының иесін анықтау мақсатында, басы, терісі және түр-түсі арқылы таныту үшін, сиыры жоғалған адамдардан бөлімшеге келуді сұрайды.

8 71 236 2 11 32, 87750766884 байланыс телефондары  арқылы хабараласуға болады.

Жайық ақпарат

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT