Учаскелік инспектормен кездесті

Пробация есебіндегілермен кездесу өтті.

Таяуда аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.Умирзаковпен кездесті.

Кездесуді учаскелік инспекторы, полиция майоры Алмас Сағынбайұлы ашып, сотпен белгіленген міндеттерді орындап, есеп беруге мезгілінде келуді, кешкі уақытта үйде болуды, жауапкершілікке тартылмауды қаперледі.

Содай-ақ аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Айгүл Молдашева:

-Соңғы кездері үкімет те жаза басқандарды қолдап, қолдан келгенше қолдап, түзу жолға салуға жұмыстануда. Алдағы уақытта сот талаптарын орындап, қайта қылмыс жасамауды талап етемін,-деді.

Сонымен қатар сотталғандармен түсінік жұмыстарын жүргізуге бірге атсалысып жатқан учаскелік инспекторларға шынайы ризашылығын білдірді.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT