«Дала қазынасы» сериясынан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күні ауысатын болды.
Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкі JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күні ауысқанын хабарлайды. Мұндай шешім санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау мақсатында қабылданып отыр.
JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының қай күні сатылымға шығатыны ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
Еске салайық, бұған дейін бұл монеталарды 2021 жылдың 31 наурызынан бастап Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылымға шығару жоспарланған еді.
Амин Арайлым АСЫЛБЕКҚЫЗЫ,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен
жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары