Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды.
Тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады.
«Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырған, сондай-ақ жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалардың туыстары үйден шықпай-ақ, тауарларды таңдай алады. Содан соң таңдаған тауарларының тізімін мекемеге жібереді. Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты орындап, тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді», – дейді Қаламқас Әшірхан.
Дереккөз:kazinform.kz