Қ.Тоқаев Атыраудың «Құрметті азаматын» мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Атырау облысының "Құрметті азаматы" Қайрат Ищановтың 70 жылдығына арнап, құттықтау хатын жолдады.

"Аймақ басшысы М.Досмұхамбетов облыстың "Құрметті азаматы" Қ.Ищановтың 70 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып,Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың туған күніне орай жолдаған хатын салтанатты түрде табыс етті" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.

7

Мемлекет басшысының хатын табыс еткен облыс әкімі Қайрат Ищановтың мемлекет дамуға қосқан үлесі, заң шығару саласындағы ерекше еңбегі мен қайраткерлігін де ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мерейтой иесіне ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтен де құттықтау хат келіпті. Салтанатты жиында Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов пен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов сөз алып, мерейтой иесіне ақ тілектерін арнады.

Қайрат Қыдырбайұлы еңбек жолын қарапайым балықшылықтан бастаған. Еңбекқорлығы мен қажыр-қайратының арқасында әр жылдары Атырау облыстық Мәслихатының хатшысы, облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Екі рет Парламент Сенатының депутаты, Сенат комитеттерінің төрағасы, Сенат төрағасының орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды.

Қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, «Құрмет», «Достық», «Парасат» ордендері, «Барыс» төсбелгісі мен бірнеше «Құрмет грамоталарымен» наградталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT