«Дина» базарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды

«Атырау — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Атырау облысындағы ХҚКО арасындағы ынтымақтастық келісім-шарт негізінде қаладағы ірі сауда орындарының бірі «Дина» базарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды.

Бұл жерде ХҚКО-ның мамандары аптасына бес күн қатарынан, сағат 10:00 ден 17:00 дейін қызмет көрсететін болады. Ал, жексенбі мен дүйсенбі күндері демалыс. Әзірге бұл жерге бір маман бекітілген.

Енді бұл маңайдағы азаматтарға қандай да бір анықтама қағаз алу үшін бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ұзын-сонар кезек күтіп тұрудың қажеттілігі жоқ. Яғни, базардағы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында электрондық кілт, медициналық орындардан анықтама, зейнетақы қоры туралы мәлімет, некеге отыру, балаға туу туралы куәлік және өзге де мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған Үкімет «Еgov.kz» веб-порталы арқылы электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Бұл жерде азаматтарға мамандар көмек береді немесе компьютерлік сауаттылығы бар тұрғындар өзінің де алуға мүмкіндігі бар.

Игі іске сауда орындарында жұмыс істеп жүрген кәсіпкер қауым дән разы. «Қажет құжаттарымызға алысқа ұзап, табан тоздырмай-ақ, қол жеткізетін болдық»,- деп қуануда.

«Күні бүгінге дейін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары әкімдіктерде ғана болатын. Енді міне, тұрғындарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында «Атырау — адалдық алаңы» қоғамдық орындарда да ашуды мемлекеттік органдарға ұсыныс беріп, бұл жұмыстың алғашқы қадамын бүгін жасап отырмыз. Бұл жоба халық көп шоғырланған жерлерде арнайы бұрыштар ашу арқылы азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыруға көмек береді деген сенімдеміз. Әрі бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың төте жолы», — дейді жобаны ұсынушы, «Атырау адалдық алаңы» жетекшісі Альфия Адиева.

Дереккөз:depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT