«Тоқаевтың жеңісі – жаңа тарихи кезеңнің бастауы»

Мен өз даусымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді жасырмаймын.

Себебі ол еліміздің тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстаның сыртқы істері бойынша үлкен тұжырымдама, доктрина жасады. Бертін келе Сенат төрағалығына сайланды. БҰҰ төрағасының орынбасары қызметтерін де абыроймен атқарып, әлемдік саясатқа араласты.

Елімізде азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән беріле бастады. Президент мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алатындығын айтқан еді. Расында, жаңашылдықтардың бәрі парламенттік мәдениеті жоғары және ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталады деген сенімдеміз.

Биылғы кезектен тыс сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Президенттің жанына бәріміз жиналуымыз керек. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деп қазақ атамыз айтып кеткен. Алыс-жақын елдерде болып жатқан жағдайларды көріп отырғанда Президентіміздің қасынан табылуымыз керек. Және тарихи сәттен кейін алға қойған мақсатқа жету үшін жұмылуымыз қажет.

Қ.МАЖИЕВ, аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT