Өткен жылдың қаңтарында еліміздің он бір өлкесінде бір мезетте, «жер астынан жік шығып» дегендей, ойда жоқта жайма-шуақ еліміз Жаңа жыл мерекелеу кездерінде, ниеттері қара бандылар әкімдіктер мен полиция ғимараттарын басып алып, кару сататын дүкендерді тонап, түгелге дерлік телеканалдарды өртеп тіпті елдің болашағына қауіп төндірді, бүкіл халқымызға, Президентімізге одан бетер, ауыр қиындықтар туғызды.
Осындай сын сағатта Президент күн-түн демей бернеше қауырт шешімдер алды. Осы қадамдарының дұрыс болғандығын әрбір тұрғын, әр шетел шолушылары мен түрлі қауымдастықтар күн өткен сайын мойындап келеді. Қазақта «Батыры мықты елдің жауы болмайды, биі мықты елдің дауы болмайды» деген бар. Мен осы тұста Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты мықты би деп таныдым.
Енді міне, күні кеше өткен кезектен тыс Президент сайлауында ел болып, халық болып өз басшымызды қайта сайладық. Себебі, сенім артып отырмыз, үмітіміз көп. Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды тұжырымдамасымен танысып, алға қойған міндеттер мен жоспарларға дән риза болдым. Болашақ енді жастардікі. Президент те мұны айқындап отыр. Кешегі сайлауда да коалция атынан кандидатурасы ұсынылған мемлекет басшысын жастардың қолпаштап, қолдап жатқанын көріп қуанып қалдық.
Ең негізгісі - Президентіміз Қ.Тоқаев еліміздің сенімді басшысы, халқының қорғаушысы, стратегиялық болжаушы, үлкен жүректі азамат ретінде қиын сағатта өзін көрсетті. Осы тұста айтайын, – 34 жасында Қазақстанға бірінші басшылыққа тағайындалып, онда 13 жыл еңбек жасаған, Н.Хрущевтің солақай саясаты пәрменімен 58 жасында зейнеткерлікке жіберілген белгілі қоғам қайраткері Н.Д.Оңдасыновтың «Қанша билік қолымда болса да сыртынан қол қойып ешкімнің жазасын, қанын мойныма жүктегенім жоқ – арым таза; Атаға, руға, жүзге бөліп қарағаным жоқ – жүзім таза; Ешқандай пара алғаным жоқ – қолым таза» деген сөздері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа айтылып, оны бағалайтын пікір деп санауға болады.
Алда Қ.Тоқаевтың бастамашылығымен референдумда қабалданған түбегейлі өзгерістердің табандылықпен жүзеге асуы, сайлауалды тұжырымдаманың орындалысы сынды кешенді міндеттер тұр, ағайын. Мемлекет басшысына тек сәттілік тілейміз!
Қ.РИЗУАНОВ, зейнеткер,
Атырау облысының Құрметті азаматы