Білім беру саласында 7 балабақшаның құрылысы жүргізілуде, оның екеуі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өңірде 18 мектептің құрылысы жалғасып жатыр.
Қала аумағында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектептің құрылысы толық аяқталып, білім алушылар игілігіне тапсырылды.
Еркінқала ауылында 600 орындық жалпы білім беретін мектеп пен өнер мектебінің құрылысы аяқталып, нысандарды қабылдау және іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласында Береке және Алмалы ықшамауданында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Сондай-ақ оңалту орталығының құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, оның 13-і пайдалануға берілген.
Спорт саласында 3 жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Мәдениет саласында қала аумағындағы 2 мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталып, қызмет көрсетуге дайын.



