Атырауда тағы бір инновациялық Binom School ашылады

Атырау қаласының "Ақ депо" ықшамауданында жаңа BINOM SCHOOL мектебі ашылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа мектеп бір ауысымда 2 мың оқушыны оқытады. Оқыту бағдарламасы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, отандық білім беру моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Сабақтардың 80%-ы қазақ тілінде, 20%-ы орыс тілінде жүргізіледі.

Сондай-ақ білім ордасында оқу кабинеттерінен бөлек физика, химия, биология бойынша кеңейтілген зертханалар бар. Сонымен қатар информатика кабинеттері, ірі спортзалдар, хореография залы, мультимедиа сыныбы, кинозал, акт зал, ойын бөлмелері, кітапхана, «Таным» шығармашылық технологиялар орталығы, асхана және медициналық пункт атыраулық оқушылардың игілігіне қызмет етеді.

Мектеп құрылысы кестеге сәйкес қарқынды түрде жалғасуда. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының бірқатар маңызды кезеңдері толық аяқталды. 2026-2027 жылғы оқу жылына мектеп дайын болады деп жоспарланған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау қаласында үш BINOM SCHOOL мектебі жұмыс жасайды. Олар «Нұрсая» ы/а, «Ақ шағала» ы/а және қала орталығында орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT