Теңіз кәсіпорыны түгел жабылмайды

АТРrees.kz-тің хабарлауынша, Қазақстандағы мұнай-сервисі компаниялар одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов Atameken Business тікелей эфирінде індеттің өршуіне байланысты Теңіз кеніші жабылады деген ақпаратқа түсінік берді.

- Теңіз кәсіпорыны жабылуы мүмкін деген ақпарат тарағалы көпшіліктің көңілі алаңдаулы екені ақиқат. Алайда, шын мәнінде әңгіме болашақта ТШО-ны кеңейтуге бағытталған $38 млрд бюджетті құрайтын жобаның құрылысы туралы айтылған еді.Себебі 2020 жылы 20 мыңдай жұмысшысы бар құрылысты аяқтау көзделген еді.Барлығы автоматтандырылған жүйеде болғандықтан, іс жүзінде мұнай өндіретін кәсіпорындар жұмысын тоқтатпайды,-деп түсіндірді Н. Жұмагұлов.

Еске сала кетейік, күні кеше ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Теңіз кешенінің жабылуы мүмкін деген болжам жасаған болатын.

К.Сапар

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521