Масаң күйде көлік басқарған махамбеттік азамат 20 тәулікке қамалды

Жүргізушілік куәлігінсіз, мас күйде көлік басқарған, деп хабарлайды Махамбет аудандық баспасөз қызметі.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат М-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, «Nissan Primera» маркалы автокөлігін есірткілік масаң күйде басқарған.

Сотта құқық бұзушының  кінәсін толық мойындауымен қатар іске тіркелген іс-құжаттарымен толық дәлелденді.

Соттың қаулысымен азамат М. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT