Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы Қазақстанның 2019 жылғы тамызда жаңа валютаға – алтынға өту және теңгенің құнсыздануы туралы ақпарат таратылуда.
Аудиохабардағы белгісіз дауыс кезекті рет қазақстандықтарды шұғыл тәртіппен жинақ ақшасын долларға айырбастауға немесе автомашиналарды, пәтерлерді және т.б. сатып алуға жаңа қарыздарды ресімдеуге шақыруда.Ұлттық Банк бұл ақпараттың экономикалық қаскүнемдікке шақыратын дәйексіз, арандатушылық ақпарат екендігін ресми түрде хабарлайды.
Біз қазақстандықтарға мынадай өтінішпен жүгінеміз: аудиохабарларда дауысты таныған жағдайда, біздермен байланысу қажет:
- +7 727 2704 591 нөмірі бойынша;
- Ұлттық Банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми беттеріндегі дайректте:
Facebook - https://www.facebook.com/nationalbankkz/ https://www.facebook.com/ulttykbanki/
Instagram -https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/
- - NBK Online – халықпен өзара іс-қимылға арналған құрал
- http://nbkonline.nationalbank.kz/kz Ұлттық Банкі көрінеу жалған ақпараттың авторлары мен таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінді.
Махамбет Маденов, Ұлттық Банкі Атырау
филиалының экономикалық талдау және
статистика бөлімінің жетекші маман-экономисі